Барыс овертаймда Адмиралға есе жіберді
21 Қазан 2026

Барыс овертаймда Адмиралға есе жіберді

«Барыс» ұзаққа созылған сырт алаңдағы ойындар сериясының үшінші кездесуін Владивосток қаласында өткізді. Команданың ойын құрамына Батырлан Мұратов, Бейбарыс Оразов және Асанәлі Сәркенов оралды. Матчты қақпада бастапқы ысқырықтан бастап Хантер Шепард бастады.

Бірінші кезең қауіпті сәттер көп болмаған, тартысты күреспен өтті. Екінші кезеңнің басында Семён Ибрагимов есеп ашты. Алаң иелерінің қорғаушысы лақтырған шайба ақ жейдедегі ойыншыға тиіп, бағытын өзгертіп, қақпаға кірді. Үзіліске дейін «Барыс» екі гол соғып, жауап қайтарды. Алдымен Гарретт Пилон мен Джастин Бэйлидің байланысы нәтиже берді. Астаналықтардың 8-нөмірлі ойыншысы осы чемпионаттағы 12-шайбасын соқты. Сәл кейінірек Тайс Томпсон қапталдан ортаға қарай ойысып, Никита Бояркинді екінші рет қапы қалдырды.

Одан кейін командалар гол соғудан жарысып, нәтижесінде матч овертаймға ұласты. Қонақтар сапында Чейз Приски мен Семён Симонов гол авторлары атанды. Ал қосымша уақыттың басында Александр Волков «Адмиралға» жеңіс сыйлады. 26 қазан күні Михаил Кравец ойыншылары Екатеринбургте «Автомобилист» командасымен кездеседі.

«Адмирал» - «Барыс» 5:4 ОТ (0:0, 1:2, 3:2, 1:0)

1:0 - 23:20 - Ибрагимов (Шулак, Муранов)

1:1 - 26:41 - Бэйли (Пилон)

1:2 - 36:01 - Томпсон (Шестаков)

2:2 - 41:54 - Шулак (Цицюра) АГ

3:2 - 44:26 - Завгородний (Шулак, Цицюра)

3:3 - 46:24 - Приски (Морелли, Бэйли) АГ

4:3 - 48:42 - Камара (Шулак, Чезганов)

4:4 - 54:16 - Симонов (Масси, Моррелли)

5:4 - 60:23 - Волков (Муранов, Шулак)

Қақпашылар: Бояркин - Шепард

«Фетисов Арена». 3 412 көрермен.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының» КҚ.

IMG_1108.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Мэйсон Морелли ҚХЛ-де 50 ұпай жинады

new-preview
6 фото
Barys

Адмирал - Барыс

new-preview
Barys

Адмирал - Барыс матчы алдында