«Барыс» тұрақты чемпионаттың үшінші аптасын өз алаңында СКА командасына қарсы ойынымен аяқтады. Астаналық клубтың матчына маусымдағы екінші рет аренаға көрермен толық жиналды. Бұл кездесуде Бейбарыс Оразов сапқа қайта қосылып, қорғаныста Әділ Бекетаевтың орнын басты.
Матчты қонақтар бірден екі нәтижелі шабуылмен бастады. Алдымен Захар Бардаков көк сызықтан бағыттаған соққысымен есеп ашты. Ал Сергей Плотников өз командасы сапындағы кем құрамда ойнап жүріп, «2-ге 0» шабуылын сәтті пайдаланды. Джастин Бэйли қарсы шабуыл кезінде «Барыстың» есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алғанымен, көп ұзамай астаналықтар тағы бір шайба жіберіп алды. Плотников дубль авторы атанды.
Екінші кезеңде Всеволод Логвин Дамир Бритиковтың соққысынан кейінгі қайтарылған шайбаны қақпаға дәл бағыттап, Артемий Плешковтың қақпасын бірінші рет қапы қалдырды. Алайда араға көп уақыт салмай Василий Глотов көп құрамдағы басымдықты пайдаланып, есепті қайта ұлғайтты. Бір жарым минуттан кейін ол бұл жолы кем құрамда ойнап жүріп, тағы да гол соқты. Осыдан кейін «Барыстың» қақпасына Андрей Шутов шықты.
Астаналықтар көп құрамда ойнау мүмкіндігін тағы бір рет тиімді пайдаланып, жауап шайбасын соқты. Бұл жолы да Логвин көзге түсті.
Шешуші кезеңнің орта тұсында Семён Симонов есеп айырмасын қысқартып, «Барыс» ойында қайтадан тартыс тудырды. Бұдан кейін астаналықтар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есепті теңестіре алмады.
30 қыркүйекте Михаил Кравец ойыншылары Қазан қаласында «Ақ Барспен» кездеседі.
«Барыс» - СКА 3:5 (0:3, 2:2, 1:0).
0:1 - 00:56 - Бардаков (Атанасов, Мироманов)
0:2 - 06:22 - Плотников (Бардаков)
0:3 - 15:38 - Плотников (Голдобин, Уилсон)
1:3 - 21:54 - Логвин (Бритиков)
1:4 - 30:22 - Глотов (Короткий, Мироманов) АГ
1:5 - 31:56 - Глотов (Романов) АГ
2:5 - 33:34 - Логвин (Дэй, Қайыржан) АГ
3:5 - 51:25 - Симонов (Приски, Ляпунов)
Қақпашылар: Шепард (Шутов, 30:22-60:00) - Плешков.
«Барыс Арена». 11 437 көрермен.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.