Құрамында төрт лимитші бар Барыс Спартакқа жол берді
28 Ақпан 2026

Құрамында төрт лимитші бар Барыс Спартакқа жол берді

Қыстың соңғы күнінде «Барыс» Мәскеуде «Спартакқа» қонақ болды. Астаналықтардың құрамына Майкл Веккьоне қайта оралып, шабуыл шебінде Максим Мухаметовты алмастырды. Сонымен қатар ойынға бірден төрт лимитші тіркелді – Семён Симонов, Кирилл Ляпунов, Бейбарыс Оразовпен бірге «Снежные Барсы» командасынан шақырылған 19 жастағы Тимур Миндубаев ҚХЛ-дегі алғашқы ауысымдарын өткізді.

Ойынның бастапқы бөлігі өте қарқынды өтті. Алдымен Кирилл Савицкий қарсыластың аймағында шайбаны қағып алып, Райли Уолшқа кеңістік ашты. 44-нөмірлі хоккейші жағдайды шебер пайдаланып, алыс бұрышқа дәл соққымен есеп ашты. Сәл кейінірек Уолштың пасынан кейін Майкл Веккьоне артықшылықты тиімді пайдаланып, гол соқты. Бұған жауап ретінде «Спартак» жаппай шабуыл ұйымдастырып, шайба Адам Шилдің қақпасына кіргендей болды. Қайталауды қараған төрешілер бастапқыда голды есептеді. Алайда қонақтардың уақтылы алынған бапкерлік сұрауы нәтижесінде шайба есептелмеді – голға дейін қақпашыға кедергі болған. Соған қарамастан, мәскеуліктер үзіліске дейін есеп айырмасын қысқартты – Дании Гутик артықшылықты пайдаланып, қарсы шабуылды нәтижелі аяқтады.

Екінші кезеңде бастама толықтай қызыл-ақтардың қолында болды. Үй иелері өздеріне қолайлы басымдық қалыптастырып, Павел Порядин, Никита Коростелёв пен Демид Мансуров мергендік танытты.

Үшінші кезеңнің басында астаналықтардың қақпасына Андрей Шутов шықты. Ол шамамен сегіз минут бойы қақпасын «құрғақ» ұстап тұрды, алайда Мансуров дубль авторы атанды. Бұдан кейін Майкл Веккьоне айып шайбасын жүзеге асыра алмады. Ал финалдық сиренаға 43 секунд қалғанда Райли Уолш та дубль жасап, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

2 наурызда Михаил Кравец ойыншылары Санкт-Петербургте СКА командасымен ойнайды.

«Спартак» - «Барыс» 5:3 (1:2, 3:0, 1:1)

0:1 – 01:07 – Уолш (Савицкий)

0:2 – 10:46 – Веккьоне (Уолш, Уиллман) АГ

1:2 – 18:23 – Гутик (Порядин, Рубцов)

2:2 – 24:18 – Порядин (Филин, Вишневский) АГ

3:2 – 29:56 – Коростелёв (Филин, Соболев)

4:2 – 38:35 – Мансуров (Орлов, Вишневский)

5:2 – 47:49 – Мансуров (Пивчулин)

5:3 – 59:17 – Уолш (Маккошен, Веккьоне)

Қақпашылар: Георгиев – Шил (Шутов, 40:00-60:00)

«Мегаспорт» СС. 8 700 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


20260228-F55A7481.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.

new-preview
12 фото
Nomad

PRO LIGASY финалының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

new-preview
Barys
Nomad

Номад – Қазақстанның үш дүркін чемпионы