«Барыс» ұзаққа созылған үйдегі ойын сериясын «Тракторға» қарсы ойынмен жалғастырды. Михаил Кравец құрамда бір ғана өзгеріс жасап, жеті қорғаушымен ойнауды жөн көрді – Максим Мұхаметовтың орнына өтінімге Тамирлан Гайтамиров қайта оралды.
Астаналықтар ойынға бұл жолы да өте ауыр кірді, соның салдарынан қатарынан төрт рет алаңнан қуылды. Бір сәтте «Барыс» қысқа уақытқа үш ойыншымен ғана қалды, алайда алаң иелерінің азшылықтағы ойыны жоғары деңгейде болды. Ал тең құрамда қарсыластар үзіліске дейін өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, Михаил Горюнов-Рольгизер мен Логан Дэй шайба соқты.
Екінші кезең толықтай «Барыстың» басымдығымен өтті, қарсыластарынан шамамен үш есе көп соққы жасады (14-5). Дегенмен бұл кезеңде көрермендер гол көре алмады. Қорытынды үшінші кезең де шайбасыз аяқталды. 25 желтоқсан күні қазақстандық ұжым өз алаңында «Автомобилистті» қабылдайды.
«Барыс» - «Трактор» 0:2 (0:2, 0:0, 0:0)
0:1 – 07:46 – Горюнов-Рольгизер (Жарков)
0:2 – 19:05 – Дэй (Светлаков, Джиошвили)
Қақпашылар: Шутов – Мыльников
«Барыс Арена». 5 050 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.