«Барыс Аренаға» экскурсиямен КММ «№109 ЖОББМ» оқушылары келді. Хоккей клубының серіктесі «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» қорымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында өтті.

Экскурсия барысында 9-сынып оқушылары «Барыс» командасының жаттығуын тамашалап, клубтың фирмалық дүкенін, баспасөз орталығын, сондай-ақ түрлі департаменттердің жұмысымен танысу үшін кеңсе бөлмелерін аралады. Оқушылар спорт саласына, хоккей клубының инфрақұрылымына, спортшыларды даярлау үдерісіне, бапкерлердің, дәрігерлердің және техникалық персоналдың қызметіне ерекше қызығушылық танытты. Тараптар кәсіби ұйымның қызметімен танысу мектеп оқушылары үшін маңызды әрі ынталандырушы тәжірибе болатынына сенім білдірді.
«Барыс» ХК-ның бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК-ның серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» ҚҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.