Асетов 2 жылға "Барысқа" келді
14 Мамыр 2019

Асетов 2 жылға "Барысқа" келді

«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алихан Асетовпен арада жаңа келісімшартқа қол қойылғаны туралы ресми түрде хабарлайды. Ойыншы 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін 2 жылға екіжақты келісімге отырды.

2018/2019 чемпионаты қазақстандық шабуылшы үшін ҚХЛ-дағы бірінші толыққанды маусым болды. Тұрақты чемпионатта Асетовтың есебінде 46 ойында жинаған 7 (5+2) ұпай бар. Гагарин кубогының плей-офф кезеңінде Алихан 2(0+2) ұпай жинады.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Асетов мамыр айының басында елордада өткен бірінші дивизионда Әлем чемпионатын жеңіп алды.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн