«Барыстың» бас жаттықтырушысы болып Андрей Скабелка тағайындалды. Белорус маманымен келісімшарт 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін екі маусымға есептелген.
Бапкер осыған дейін Ярославль қаласының «Локомотив» ұжымын жаттығтырған. Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. 2018/19 жылғы маусымда Скабелка тізгінін ұстаған «Барыс» тұрақты чемпионаттар тарихында жинаған ұпайлары бойынша үздік нәтиже көрсеткен еді. Скабелка бастаған «Барыс» Чернышев дивизионын екі рет жеңіп, Гагарин Кубогының Шығыс конференциясының жартылай финалына екі рет шықты. «Барыс» маманның Қазақстанға оралуы осы жолы да жемісті болады деп күтеді. Келесі маусымда клуб қазақстандық жас ойыншыларға басты назар аударатын болады.
Жақын арада Скабелка клуб басшылығымен бірге өзінің жаттықтырушылар штабын қалыптастырумен, сондай-ақ алдағы маусымға «Барыс» құрамын жасақтаумен айналысады.
«Барыс» хоккей клубы Юрий Михайлиске және оның бүкіл жаттықтырушылар штабына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіреді. Мамандар бірінші командада екі маусымды лайықты өткізіп, біздің клубтың дамуына үлкен үлес қосты. Біз Юрий Владимировичке және барлық жаттықтырушыларға алдағы мансаптарында табыс пен алға қойған барлық мақсаттарына қол жеткізуді тілейміз!
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.