Әлихан Әсетов Барыста екі жылға
14 Маусым 2022

Әлихан Әсетов Барыста екі жылға


«Барыс» хоккей клубы Әлихан Әсетовпен ынтымақтастықтың ұзартылатыны туралы ресми түрде хабарлайды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы бұған дейін біліктілік ұсынысын қабылдап, екі маусым мерзіміне (2024 жылғы 30 сәуірге дейін) екі жақты келісімшартқа қол қойды.

Әсетов 2013 жылдан бері клуб жүйесінде. Өткен ҚХЛ маусымында шабуылшы 37 ойын өткізіп, 9 (4+5) ұпай жинады. Қазақстан чемпионатының 12 кездесуінде (плей-оффтағы 4 ойынды қоса алғанда) Әлихан өз еншісіне 6 (2+4) ұпай жазды.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте Сібірге қарсы өз алаңындағы ойынмен бастайды

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Ильгиз Нуриев – Снежные Барсы командасының бас бапкері

new-preview
Barys

Кирилл Савицкий Барыста қалды