СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮШІН АРЕНА ӘКІМШІЛІГІМЕН БАЙЛАНЫСУ

«БАРЫС» МҰЗ САРАЙЫНА ҚАЛАЙ БАРУҒА БОЛАДЫ?

«Барыс» мұз сарайының мекен-жайы - Тұран даңғылы, 57.. Оның жанында «Барыс Арена» СК» деп аталатын қоғамдық көлік аялдамасы бар. Бұл жерге дейін №40 автобус арқылы келуге болады. 

Аренаға жақын маңда көптеген автобустар келетін өзге аялдама бар, алайда одан мұз сарайына дейін шамамен 15 минуттай жаяу жүру керек болады (900 метр). Бұл - «Астана Арена» Стадионы» аялдамасы және ол Қабанбай Батыр даңғылы бойында орналасқан.Егер жаяу жүргенді ұнатсаңыз, №10, 12, 37, 51, 53, 60, 301, 302, 303, 308, 309 автобустарына мініңіз. Стадионға қарама-қарсы беттен қоғамдық көліктен түскен соң, оны оң не сол жағынан айналып өтіңіз. Содан соң мұз сарайын көресіз.  

alt

Картадағы арена