Танысыңыз, Максим Павленко
17 Шілде 2020

Танысыңыз, Максим Павленко

«Барыстың» баспасөз қызметі клуб жүйесінен келген жас ойыншылармен таныстыруды жалғастыруда. Олар келесі маусымда ересектер командасына дебютке шыға алады.

Қақпашы Максим Павленко өткен маусымда МХЛ-да «Снежные Барсы» құрамында алғаш рет ойнап, мұзда мың минуттан астам ойын уақытын өткізіп, 500-ге жуық соғуды қағып алды. Сондай-ақ, ол «Барыс» жастар командасының «Жастар» МЛК-де алтын медаль жеңіп алуына елеулі үлес қосты.

Спортсмен қақпашы өнерінің қиындықтары туралы айтып, ең қызықты сапарды еске алып, жақын арадағы мақсат-міндеттері туралы айтып берді.

 

- Максим, стандартты сұрақтан бастайық. Хоккейге қалай келдін және неге қақпашы болдын?

- Павлодарда мен мұз сарайына қарама-қарсы тұрамын. Жалпы, хоккей маған бала кезімнен, мен балабақшаға барған кезден бері ұнайтын. «Ертіс» матчына үнемі барып, әрқашан қақпашының іс-әрекетін көріп, қимылдарын қайталайтынмын. Бірақ хоккейге баруға бел буған жоқпын. Содан кейін, мектепке барғанда, онда бірнеше бала хоккейге қатысатын. Олар мені де көндірді, барып, секцияға жазылдым.

- Қақпашылар жеке каста деген пікір бар.

- Негізінен осылай алаң ойыншылары айтады (күледі). Бірдеңе дұрыс істемесен, «Қақпашы!» деп бірден сеннен көреді.

- Қақпашылар цехында кумирің бар ма?

- Қазіргі хоккейде жақсы қақпашылар көп, бірақ кумирім жоқ. Мен үнемі Интернеттен кескіндерді көруге, әр қайсынан жақсы жағын алуға тырысамын.

- Аты аңызға айналған қақпашы Рон Хекстолл қолғаптарын шешіп тастауға немесе біреуді таяқпен ұрып соғуға дайын тұрады. Сенің өміріңде серіктестердің немесе қарсыластардың біреуін ұрып жібергін келген жағдайлар болды ма?

- Команда бойынша серіктестерге ешқашан ұрыспадым. Ол үшін бапкерлер бар, олар ойыншылардың іс-әрекеттеріне баға беріп, ұрыса да алады. Біз қарсыластармен жиі ілігісіп қаламыз, бірақ әдетте ауызша ұрысудан артық кетпейміз.

- Қақпашының жұмысындағы ең қиыны не?

- Ойын кезінде сен үнемі бәрін бақылап, үнемі басынды әрі-бері бұрауың керек. Бөтен шабуылшылардың қайда ашылғанын, біздің қорғаушыларымыз оларды қарап жүр ме көруін керексін. Қақпашы мұз айдынындағы барлық көріністі көріп, мүмкіндігінше өз ойыншыларына нұсқау айтып отыруы тиіс.

- 2019 жылдың қыркүйегінде сен Қазақстанның жастар кубогының тарихында тұңғыш рет үздік қақпашы атандың. Сол кезде қандай сезімде болдын?

- Мен бұл марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Өмірімде ең жақсы қақпашы атағын алғаш рет алып отырмын. Кубокты жеңіп алмағаңымыз өкінішті-ақ. Бірақ маусымның соңында біз чемпионатты сенімді түрде жеңдік.

- Осы маусымда сені «Снежные Барстарға» шақыратынын және көп ойын уақытын алатыныңды күттің бе?

- Иә, мен үшін шақыру күткен нәрсе болды. Мен осыншама көп ойын уақытын аламын деп ойлаған жоқпын. Бірақ бапкерлер штабы маған сенді.

- Сіз және тағы да 2002 жылы туған бірнеше бала Чехиядағы МЧМ-да құрама сапында болдыңдар. Бұл чемпионат элитада немен есте қалды?

- Мен бірнеше рет киіндім, бірақ мұзға шықпадым (күледі). Менің ойымша, маған меннен үлкен жігіттерге қарсы ойнау ауыр болар еді. Ол жерде мүлдем басқа жылдамдық, басқа лақтыру. Сырттан бұл қатты байқалады. Атмосфера ұнады, дерлік толық трибуналар. Словактармен матчта оларға өте жақсы қолдау көрсетілді.

- Өткен маусымда клуб жүйесінен келген жас жігіттер ересектер командаларына тартыла бастады. Сен олардың жетістіктерін қадағаладың ба?

- Әрине, қадағаладым. Достарыңның басқа деңгейде жағдайлары қалай болғаны әрдайым қызықты. Жастар хоккейінен үлкенге өту қалай болып жатқаны да қызық.

- Шілденің басында сен «Барыс» жастар лагеріне қатысу керек болатынсың. Мұндай шақыруға дайын болдын ма?

- Мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Бірақ мен оған дайын болдым. Оның сыртында, өткен жылы мен «Мичурино» базасындағы бірінші командамен жиын өттім. Біздің барлығымыз өсу керек екенін және бұл жастар жиыны – барлық балалар үшін өздерін көрсетуге тамаша мүмкіндік екенін түсінеміз.

- Хоккейден біраз кетейік. Сен бос уақытта немен айналысасын?

- Менің хоббиім жоқ. Маусым бойы көшу кезінде, негізінен, кітап оқимын. Жазда бұл сирек болады. Бірақ кітап дүкеніне кіріп, жаңа кітаптарды қарауым мүмкін. Қазір «Жасыл кітап», «Аға», «Бумер» сияқты ескі фильмдерді қайта қара бастадым. Ал, негізінен, қызыммен қыдырып жүремін. «Контр Страйк» ойнаймын. Ауылға барып, әжеме көмектесемін, онда әрдайым жұмыс бітпейді. Мүлдем істейтін шаруа болмаған кезде балық аулауға баруым мүмкін. Спорт жағынан мен жүгіруден марафонға қатысамын. Қазір бапкерлік бағдарлама бойынша белсенді жаттығып жүрмін, маусымға дайындалып жатырмын.

- Оқу жағдайы қалай?

- Биыл 11-ші сыныпты бітірдім. Жыл бойы жаттығулар мен сапарларға байланысты мектепке барған жоқпын. Коронавирусқа байланысты қашықтықтан оқыту басталған кезде оқи бастадым (күледі). Тіпті жақсы шығатын. Қазір Омбы қаласындағы Сібір мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетіне түсуге дайындалып жүрмін.

- Егер хоккейші болмасан, сен немен айналысар едің?

- Тіпті өз өмірімді хоккейсіз елестете алмаймын. Бұрын мен футболмен және жүзумен айналыстым. Бірақ бұл басқаша.

- Хоккей мансабының арқасында сендер балалық шақтан бері көп саяхаттайсындар. Қандай сапар есте қалды?

- 2017 жылы біз «Барыс» жасөспірімдер командасымен АҚШ-тағы «Селект» турниріне бардық. Есімде, ол Филадельфияда өтті. Жақсы ұйымдастырылған, жақсы ойындар болды. Мүлдем басқа әлемді көрдік, бұл тіпті Еуропа да емес. Қызықты тәжірибе алдық.

- Хоккейшілер әдеттегі өмірде және мұзда жиі лақап ат пайдаланады. Сенде осындай спорттық лақап атын бар ма? «Снежные Барсы»командасындағы ең қызықты лақап аттар туралы айтып берші.

- Менің лақап атым тегімнен шыққан - «Павлин». Ал балаларда, қазір бізде құрам өзгеріп келеді, сондықтан мен әзірге ешкімді атамай қояйын. Маусымда, кейін, бұл сұрақты еске салсаңыз, мүмкін, біреу туралы айтып беремін (күледі).

- Хоккейде өзіне қандай басты мақсат қойдын? Хоккейден тыс қандай да бір арманын бар ма?

- Хоккейден тыс мен әлі ештене ойламаймын. Басты мақсат - жасым келіп тұрған кезде НХЛ драфтына жету. НХЛ-да ойнап көру, менің ойымша, әрбір жас хоккейшінің арманы. Әзірге «Барыс» жүйесінің командаларына пайда әкелгім келеді.

 

Максим Павленко

Туған күні: 2002 жылғы 4 маусым

Азаматтығы: Қазақстан

Амплуа: қақпашы

Тұзақ: сол жақ

Бойы: 193 см

Салмағы: 80 кг

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2