Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
04 Қараша 2024

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

3333.jpeg

31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының ұйымдастыруымен тарихта тұңғыш рет әйелдер командалары арасында Азия чемпионаты өтті.

Турнирге Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай мен Қазақстан құрамалары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа Александр Тебеньков бастап барды. Сондай-ақ, құрамға «Томиристің» сегіз ойыншысы кірді.

Қазақстандық хоккейшілер алғашқы ойындарын сәтсіз өткізді. Тәжірибелі қытайлықтар мен жапониялықтарға қарсы матчтар отандастарымыз 0:5 және 0:8 есебімен жеңіліс тапты. Ал қола медаль үшін болған кездесуде Тебеньков шәкірттері буллиттер сериясында Оңтүстік Кореядан жеңісті жұлып алды (5:4). Бұл матчта Александр Шегай мен «Томирис» ойыншысы Дария Молдабай шайба соқты. Шешуші буллит соққысын команда капитаны Анастасия Оразбаева орындады. Арина Щеколова 28 соққыны кері қайтарды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қорытындысында үшінші орын алды. Қытай командасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Әлем чемпионатының элиталық дивизионында өнер көрсететін Жапония құрамасы тарихтағы алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

video-preview
Barys

«Барыс» | Фитнес жаттықтырушысы Евгений Шаников

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан құрамасы қысқы Азиаданың ширек финалында Гонконгпен ойнайды

new-preview
Barys

Ансар Шайхмедденов. ХАРБИН-2025 І Студиялық бағдарлама