Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан – Жапония 5:0
25 Сәуір 2023

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан – Жапония 5:0

Францияның Анже қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жапониялық қарсыластарын ойсырата жеңді. Артур Гросс, Александр Ким мен Әділ Бейсембаев бір шайбадан өз есептеріне жазса, Кирилл Ляпунов дубль авторы атанды. Владимир Никитин 28 сейв жасап, екінші ойында қатарынан өз қақпасына гол жіберген жоқ.

Екі ойын күнінің нәтижесінде Сергей Старыгин шәкірттері чемпионаттың турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Қазақстан құрама командасының қоржынында алты ұпай бар. 26 сәуір күні жерлестеріміз Дания құрамасымен кездеседі.

Қазақстан – Жапония 5:0 (1:0, 1:0, 3:0)

1:0 – 18:44 – Гросс (Жусупбеков, Нуркенов)

2:0 – 20:28 – Ляпунов (Русланулы)

3:0 – 44:22 – Ким (Нуркенов, Леута)

4:0 – 54:26 – Ляпунов (Русланулы)

5:0 – 58:55 – Бейсембаев (Нуркенов)

Қақпашылар: Никитин – Кудо

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың бапкерлер штабы

new-preview
Nomad

Маусым қорытындылары | Калмыков, Дубинскас

new-preview
Nomad

Маусым қорытындылары | Логвин, Сулейменов