Вячеслав Буцаев – Барыстың бас бапкері
25 Қыркүйек 2024

Вячеслав Буцаев – Барыстың бас бапкері

«Барыс» хоккей клубы Дэвид Немировскимен келісімшартты үзгені туралы мәлімдейді. Макс Маркович пен Стив МакГичи де бапкерлер құрамынан кетті. Клуб жаттықтырушыларға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, мансаптарына сәттілік тілейді!

DSC_5411.jpg

«Барыстың» бас бапкері қызметіне Вячеслав Буцаев тағайындалды. Бапкермен жасалған келісім осы маусымның соңына дейін есептелген.

Буцаев ойыншы ретінде Олимпиада және әлем чемпионы атанған, сонымен қатар Ресей және Швеция біріншіліктерінде топ жарған. Одан бөлек, ол Ұлттық хоккей лигасында 130-дан астам матч өткізген.

Вячеслав Геннадьевич ҚХЛ-да ЦСКА, «Сочи» және «Нефтехимик» командаларының бас бапкері болған. Соңғы рет жаттықтырушы «Витязь» клубында бас бапкер болып, ҚХЛ 2022-2023 жылдар маусымында команданы плей-офф кезеңіне шығарған.

Евгений Королев, Талғат Жайлауов, Олег Ромашко, Андрей Шаянов, Кирилл Легчаков пен Сергей Тамбулов «Барыс» бапкерлері құрамындағы жұмыстарын жалғастырады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 «Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс үздік сегіздікке қайта оралу мүмкіндігін жіберіп алды

new-preview
8 фото
Barys

Лада - Барыс

new-preview
Barys

Лада – Барыс матчы алдында