Владимир Никитин Барыс жүйесіне қайта оралды
18 Маусым 2024

Владимир Никитин Барыс жүйесіне қайта оралды

999.jpg

«Барыс» хоккей клубы ресми түрде Владимир Никитинмен келісімшарт жасасқанын мәлімдейді. Екіжақты келісімшарт бір маусымға 2025 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Владимир Никитин - «Барыс» БЖСМ түлегі. 2022-23 жылдар маусымында қазақстандық қақпашы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында «Снежные Барсы» құрамында дебют жасады, артынша «Барыс» жастар командасына Jastar Hokei Ligasy чемпионы атануға көмектесті. Сонымен қатар, 2023 жылы оны «Оттава Сенаторз» ҰХЛ клубы драфтады.

Өткен маусымда Владимир Британдық Колумбия Хоккей Лигасында өнер көрсететін «Чилливак Чифс» командасында ойнады. Матчтардың бірінде Никитиннің шайба соққанын да атап өту керек.

2023 жылдың желтоқсанында голкипер бірінші дивизиондағы әлем чемпионаты қаһармандарының біріне айналды. Турнир қорытындысында Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға қайта оралса, Никитин үздік қақпашы деп танылды.

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері

- Никитин - перспективасы жоғары қазақстандық қақпашылардың бірі, сондықтан оны клуб жүйесіне қайтару біз үшін маңызды болды. Ол Солтүстік Америкада жақсы тәжірибе жинады, енді алға қарай қадам басатын кез келді. Владимирдің таланты мен жұмыс істеуге деген қабілеті негізгі командада орын алу үшін талас жүргізуге көмектеседі деп ойлаймыз.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және Спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис алғашқы турды жеңіліссіз аяқтады

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Айсұлуды жеңіп, мерзімінен бұрын бірінші тур жеңімпазы атанды

new-preview
18 фото
Barys
Tomiris

Торпедо - Томирис