«Барыс» пен «Ақтөбе» арасындағы екінші кездесу де елордалық хоккейшілердің басымдығымен өтті. Алаң иелері матчтың алғашқы кезеңінде-ақ есепте айтарлықтай басымдыққа ие болды. «Барыс» құрамында Тарлан Абдуллин мен Тамерлан Тілеубаев екі-екіден шайба соқты. Ал Роман Лазаренко үш нәтижелі пас берді.
Ринат Омарбеков ойыншылары 12 ойыннан кейін 22 ұпай жинады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш Jastar Ligasy турнирлік кестесіндегі екінші орынға сәйкес келеді.
Келесі кездесулерін команда сырт алаңда өткізеді. 18 және 19 қазан күндері «Барыс» Түркістанда «Тұран Тайгерс» командасымен ойнайды.
«Барыс» - «Ақтөбе» 9:1 (4:0, 3:0, 2:1)
1:0 - 01:11 - Тілеубаев (Айтмағамбетов)
2:0 - 01:52 - Абдуллин (Толстунов)
3:0 - 02:21 - Задорожный (Лазаренко, Рахманин)
4:0 - 19:04 - Әміржанов (Задорожный, Рахманин)
5:0 - 30:47 - Кубатаев (Лазаренко, Утеев)
6:0 - 31:56 - Коротков (Тілеубаев)
7:0 - 38:26 - Тілеубаев (Коротков, Айтмағамбетов)
7:1 - 53:43 - Сахи (Қаршығаев, Жандосұлы)
8:1 - 54:42 - Аманғалиев (Задорожный, Харченко)
9:1 - 57:04 - Абдуллин (Лазаренко, Куминов)
Қақпашылар: Кравцов - Шпигун (Сапарғалиев, 02:21-60:00)
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.