
"Номад" сапарлық сериясының бірінші матчы ЖХЛ-ның тағы бір жаңа ойыншысы "Хумо" командасына қарсы өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:30-да басталады.
Дебютант мәртебесіне қарамастан ташкенттік ұжым алтыншы орынға жайғаса отырып, 1-ші Конференцияның кубтық сегізінде сенімді келе жатыр. "Хумо" активінде 21 жеңіс және 48 ұпай жинаған.
Евгений Попихиннің шәкірттері 2020 жылды өз айдынындағы екі сайыспен ашты. 5 қаңтарда "Хумо" нәтижелі матчта новокузнецкілік "Металлургті" (7:5) ұтып, 7 қаңтарда өскемендік "Торпедодан" (2:1) жігерлі жеңіспен басым түсті. Жалпы, ташкенттіктердің жеңіс сериясы бес матчты құрайды.
"Хумоның" үздік бомбардирі Евгений Григоренко "Металлургпен" кездесуде бес нәтижелі бағдарлама жасады. Қазір оның есебінде 32 (15+17) ұпай бар.
"Номад" 2019 жылдың соңында төрт матчтың үшеуін жеңіп алды. Өткен турда "көшпенділер" Максим Мухаметов пен Талғат Жайлауовтың шайбалары, сондай-ақ Владимир Крамарьдың 33 сэйвінің арқасында ЦСК ВВС-ті ұтты.
Қазіргі уақытта 36 ұпай жинаған Юрий Михайлис командасы 2-Конференцияда 14-орында тұр. Команданың үздік бомбардирлері-Валерий Гурин (17 ұпай, 2+15) және Дмитрий Гурков (17 ұпай, 7+10). Егер біріншісі сапарға шығып, алдағы ойындарда өзінің жеке шотын толықтыруға тырысатын болса, екіншісі жарақаттан соң әлі де күш жинап жатыр. "Номадтың" жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Артем Бакушин, сондай-ақ шабуылшы Дмитрий Преснов пен Андрей Яковлев бар.
"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.