«Томирис» Qyzdar Hokei Ligasy алтын медалі мен кубогын алды
07 Сәуір 2023

«Томирис» Qyzdar Hokei Ligasy алтын медалі мен кубогын алды

Қарағандыда әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 2022-2023 жылдар маусымы аяқталды.

Елдің жаңа чемпионы «          Томирис» маусымды «Жұлдызды»  ірі есеппен жеңіп аяқтады. Астаналық ұжым қарсыласының қақпасына 17 жауапсыз шайба соқты. Ольга Широкова бес голды өз есебіне жазса, Лейсан Исхакова, Лия Ивина мен Дария Молдабай дубль авторлары атанды.

 «Томирис» - «Жұлдыз» 17:0 (8:0, 4:0, 5:0)

Матчтар аяқталағаннан кейін, жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Чемпионаттың қола жүлдесі «Торпедоға» бұйырса, алматылық «Айсұлу» екінші орын алды. Елордалық «Томирис» тарихта тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Александр Тебеньковтың шәкірттері бір ғана ойында қарсыласына есе жіберіп, 54 ұпай еншіледі.

«Томиристің» екі бірдей ойыншысы жекелей бәсекеде үздік деп танылды. Арина Щёколова үздік қақпашы атанса, Ольга Широкова чемпионаттың үздік шабуылшысы деп танылды.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Руслан Оспанов Торпедоға жалға берілді

new-preview
Barys

World Stars құрамасы Кравец пен Шилмен бірге төртінші орын алды

new-preview
Barys

Кравец пен Шилдің World Stars командасы үшінші орын үшін матчта ойнайды