Талғат Жайлауов "Барыс" сапына оралды
02 Тамыз 2019

Талғат Жайлауов "Барыс" сапына оралды

"Барыс" хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Талғат Жайлауовпен келісімшарт жасасқаны туралы ресми хабарлайды. Ойыншы 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін екі жақты келісімге қол қойды.

Өткен маусымды белгілі форвард өскемендік "Торпедо" жүйесінде өткізді. ЖХЛ-да 28 матчта ол 18 (9+9) ұпай жинады. Сондай-ақ, "Алтай Торпедо" құрамында Талғат ҚРАЧ-ның 25 (14+11) ұпай жинаған 23 ойынына қатысты.

Қазақстан астанасында өткен бірінші дивизионда өткен әлем чемпионатында Жайлауов ұлттық құраманың сапында бес ойын өткізіп, нәтижелілігі үшін 4 (1+3) ұпай жинады.

"Барыс" ХК бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Номад командасының 2026 жылғы Континенталдық кубокке арналған құрамы

new-preview
Nomad

Номадтың Азиаго қаласында өтетін Құрлықтық хоккей кубогындағы ойындар кестесі

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан Азия чемпионатындағы жеңіске тағы бір қадам жасады