Бүгін астаналық ұжым ұзаққа созылған үйдегі ойын сериясы аясында Нижнекамскіден келген «Реакторды» өз мұз айдынында қабылдады. Өкінішке қарай, алаң иелері 3:6 есебімен жеңіліс тапты. Есеп екінші кезеңде Николай Криволаповтың шайбасымен ашылды. Одан кейін Тимур Миндубаев таразы басын теңестіріп, Егор Кравченко «барыстарды» алға шығарды. Алайда «Реактор» жылдам жауап қайтарып, Кирилл Столяров артықшылықта мергендік танытты. Кезең соңында Матвей Решетько «Снежные барсы» сапындағы үшінші шайбаны соғып, алаң иелерін тағы да алға шығарды. Осылайша, астаналықтардың қатарынан 9 ойын жеңілістен кейін жеңіске жетуге мүмкіндігі болғандай көрінді. Бірақ шешуші кезеңде бастама толықтай қонақтар жағына ауысып, олар қарсылас қақпасына төрт шайба соқты.
Енді қос команда ертең қайта кездеседі. Матч 19:00-де басталады.
«Снежные Барсы» - «Реактор» 3:6 (0:0, 3:2, 0:4)
0:1 - 24:32 - Криволапов (Андреев)
1:1 - 28:28 - Миндубаев (Бритиков)
2:1 - 30:37 - Кравченко (Двуреченский)
2:2 - 33:19 - Столяров (Гизятов, Романов) АГ
3:2 - 37:50 - Решетько (Двуреченский)
3:3 - 44:12 - Криволапов (Курбатов)
3:4 - 49:24 - Андреев (Романов, Горбунов) АГ
3:5 - 54:30 - Романов (Бирдычкин, Макаров)
3:6 - 59:39 - Бирдычкин (Романов)
Қақпашылар: Ряшин - Рухлядев
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.