Снежные Барсы жеңісті сериясын жалғастыра алмады
02 Қазан 2026

Снежные Барсы жеңісті сериясын жалғастыра алмады

Бүгін елордада «Снежные Барсы» мен «Молот» командалары арасында қазан айындағы өз алаңдағы ойындар сериясы аясындағы екінші кездесу өтті. Өкінішке қарай, алаң иелері алдыңғы матчтағы жетістігін қайталай алмады. Астаналық команда пермьдік клубқа 3:4 есебімен жол берді.

Ойындағы есепті қонақтар ашты. Михаил Калашниковтың пасынан кейін Глеб Мельников Кирилл Мыльников қорғаған қақпаға дәл соққы бағыттады. Бірінші кезеңнің аяқталуына бес минут қалғанда алаң иелері таразы басын теңестірді. Владислав Ануфриев қақпаға жеке шыққан сәтте шайбаны иеленіп, оны төменнен Тимофей Воробьевтің қақпасына бағыттады.

Екінші кезеңде екі команда да көп мәрте айып алаңына жіберілді. Осы жиырма минут ішінде қос тараптан алты минуттан айып уақыты тіркелді. Қонақтар сан басымдығын тиімді пайдаланып, Дмитрий Дубровскийдің голы арқылы қайтадан алға шықты. Алайда «Барыстар» есепті әдемі голмен теңестірді. Тимур Миндубаев қарсылас аймағының ортасына кедергісіз жақындап, кезеңнің аяқталуына небәрі үш секунд қалғанда командасының екінші шайбасын соқты.

Үшінші кезеңнің ортасында Даниил Коротаев командаластарын алға шығарып, бірден соққы жасау арқылы Кирилл Мыльниковтың қақпасының жақын бұрышын дәл көздеді. Көп ұзамай қонақтар айырманы ұлғайтты. Бұған дейін аты аталған Дмитрий Дубровскийдің пасынан Александр Малышев «Молоттың» төртінші шайбасын соқты. Матчтың аяқталуына 27 секунд қалғанда Владислав Ануфриев тағы бір шайбаны соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда осыдан кейін есеп өзгерген жоқ.

«Снежные Барсы» - «Молот» 3:4 (1:1, 1:1, 1:2)

0:1 - 04:36 Мельников (Калашников)
 1:1 - 15:04 Ануфриев
 1:2 - 38:46 Дубровский (Филиппов) АГ
 2:2 - 39:57 Миндубаев (Тұрсынов)
 2:3 - 49:46 Коротаев (Степанов)
 2:4 - 52:28 Малышев (Дубровский, Черанев)
 3:4 - 59:33 Ануфриев (Тілеухан)

Қақпашылар: Мыльников - Воробьев


Матч статистикасы:

Соққылар: 51-44
Қақпаға бағытталған соққылар: 32-28
Бетпе-бет ойындар: 28-27
Блокталған соққылар: 8-11
Күш қолдану: 8-13
Айып уақыты: 8-10

«Барыс Арена», 133 көрермен.

2026-10-03 00.54.09.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Барыс

Барыс Ақтөбеден тағы да басым түсті

new-preview
12 фото
Барыс

Барыс - Актобе

new-preview
Барыс

Барыс Ақтөбені ойсырата жеңіп, чемпионаттағы 10-жеңісіне қол жеткізді