Бүгін қазан айындағы сырт алаңдағы серия аясында «Снежные Барсы» мен «Капитан» командалары кездесті. Ойын 2:5 есебімен аяқталып, Антон Васиннің ойыншылары қарсыласын жеңе алмады.
Кездесу белсенді басталды, алаң иелерінің сапынан Роман Максимов есеп ашты. Алайда астаналықтар тез жауап қатып, Роман Двуреченский дубль жасап, бірінші кезеңнің өзінде команданы алға шығарды.
Екінші кезеңнің басында бар болғаны 2 минут 38 секунд ішінде Барыстар үш шайба өткізіп алып, бастамадан айырылды және ойын тізгінін қайта өз қолына ала алмады.
Сырт алаңдағы серия аясындағы келесі және соңғы кездесу Антон Васиннің ойыншыларын Челябинскіде «Белые Медведи» командасына қарсы күтіп тұр.
«Капитан» - «Снежные Барсы» 5:2 (1:2, 3:0, 1:0)
1:0 – 07:22 Максимов (Даутов, Аврамов) АГ
1:1 – 11:48 Двуреченский (Шипилин, Перкин)
1:2 – 17:37 Двуреченский (Қажібеков, Тусупбеков) АГ
2:2 – 20:20 Дроздов (Аврамов)
3:2 – 21:10 Максимов (Аврамов)
4:2 – 22:38 Вергейчик (Зайцев, Иткин)
5:2 – 59:41 Дроздов (Сулима, Иткин) АГ
Қақпашылар: Гульковский - Қуат (22:38 - 60:00 Ряшин)
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.