«СНЕЖНЫЕ БАРСЫ»: «БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – ХАРЛАМОВ КУБОГЫ»
14 Наурыз 2016

«СНЕЖНЫЕ БАРСЫ»: «БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – ХАРЛАМОВ КУБОГЫ»

«Барыс» құрамындағы жастар осы маусымда жаман өнер көрсеткен жоқ. Уфаның «Толпарымен» сериядағы үш кездеуін жеңіспен аяқтап өз тарихында тұңғыш рет Харламов Кубогының ¼ финалына шықты. Ендігі қарсылас әзірге белгісіз. Бастысы «Снежные Барсы» командасы үшін мауысымдағы ойындар одан әрі жалғаса береді.

 

Мадияр Ибрайбеков, қорғаушы

— Жалпы ойынан алған әсеріңіз?

— Алған әсерім керемет. Жаңа сезімге бөлгендеймін.

— Табысқа жетудің кілті неде? Турнирлік кестеде сіздерден жоғары тұрған команданы қалай ұттыңыздар?

— Ұжым болып жұмыла қиылдаудың нәтижесінде жеңіске жеттік. Сенімсіздік танытпағандар бізді ұтылады деп әлдеқашан тон пішіп қойған. Ал біз барлығына дәлелдедік.

— Сіздің тобыңыз серия барысында бірде бір шайба соға алмады. Оған себеп не?

— Барлығы әлі алда. Команда дегеннің өзі сол -  біздің топ гол соға алмаса, оны екінші топ келіп кіргізеді. Ал екінші бестік соға алмаса үшінші топ салады. Бүгінгі ойында барлық буын нәтижелі ойын таныта алатындығын көрсетті.  Алғашқы екі бестік шайба соға алмады. Үшінші топтағы жігіттер қарсылас қақапасынан саңылау тапты.

— Сырт айдындағы екі ойынды жеңдіңіздер. Осы орайда алғашқы кездесу маңызды рөл ойнай ма?
— Ия, сериядағы жеңіске бірінші кездесу көп әсерін берді. Онда да осындай ойын болды... 0:2 есебімен жеңіліп жатқанбыз.

— Ендігі қарсыластарыңыз белгісіз ғой?

— Ия, ертең демаламыз бір күн. Содан кейін дайындыққа кірісеміз. Барлығы енді басталады.

— Ойынға, одан әрі келесі кезеңге өтуге деген жігеріңіз қалай? 
— Ия, біздің мақсатымыз – Харламов Кубогы. Оны осы жылы алу керекпіз.

 

Иван Кинстлер, шабуылшы:

— Жалпы ойыннан алған әсеріңіз?

— Осылай болғанына біз бақыттымыз, қуаншытымыз. Бірінші рет шықтық, көңіліміз көтеріңкі. Бір жағынан өзімізді жоғалтып алатындай әсер тағы бар. Өйткені   сериялық ойын әлі аяқталған жоқ.  Алда қызықті бір кездесу тұр. Одан әрі Омск ұтса, не ұтылса, «Чайка» немесе «Реактор» командалары болады.

— Дайындықты қалай бастайсыздар?
— Әрқашан ынтамен. Барлық жаттығуды жүргіземіз. Көп дайындалып, хоккейді көбірек ойнайтын боламыз.

— Өз тобыңыздың ойыны жөнінде не айтасыз?
— Біз барынша тырыстық. Бірінші ойын мүлдем жүрген жоқ. Ал екінші ойында сәл жақсардық. Бүгінгі кездесуде де жинақы ойнап, гол соққанша барымызды салдық. Дегенмен барлығы алда. Сондықтан сол ойындарда есе жібермейтін боламыз. 

— Мақсат Харламов Кубогы ғой?
— Әрине, одан басқа мақсат жоқ.

 

Дмитрий Гурков, шабуылшы:

— Бүгін ойын жөнінде пікіріңіз? Күйгелектік таныттыңыз ба әлде алаңдадыңыз ба?

— Ия, алаңдадым. Осы кездесу соңғы ойынымыз болғанын қаладық. Бапкер тиісті нұсқау берді. Алайда біз бірінші болып шайба өткізіп алдық. Ойынды нашар бастадық. Кейін ес жиып, есе қайтарып үлгердік.

— «Толпар» есеп айырмасын теңестіреді деген қауіп болды ма?
— Болды әрине ондай ой. Қайта қақпашымыз Артем Леонтьевке рахмет. Қырағылығымен көзге түсетін жігітті біз лиганың үздік қақпашысы  дейміз.

— Сериядағы есеп 3:0. Осы нәтижені күттіңіздер ме?
— Шынын айтқанда жоқ. Өйткені барлық кездесулер тартысқа толы болды. «Толпар» да өте мықты қарсылас.

— Мұндай мықты команданы ұтудың жолын қалай таптыңыздар?

— Ғалым Баубекұлы физикалық күштілік пен тактикалық жағына қатты мән береді. Бетпе-бет келген командалардың барлығы  бізбен өткізген ойынның ауыр болатындығын айтады. Осы орайда біздің физикалық дайындағымыз жақсы екіні байқалады. Сондай-ақ бапкердің айтқан нұсқауын орындап шықтық. 

— Келесі айналымға өтуге күш жетеді ме? 
— Әрине, одан да көп. Күш-қуат әр матчтан келесі ойынға дейін, сериядан серияға дейін арта түседі. Чемпионатқа қатысып жатқан командалардың барлығы келесі айналмыға өткісі келеді. Осы орайда біз өзімізге жоғары мақсат қоямыз.

— Екінші айналымда қай командамен ойнағанды қалар едіңіз?

— Оның ешқандай да маңызы жоқ. Қай командаға қарсылас атансақ та бәрібір. Біз кез келген карсыласты жеңіуге дайынбыз.

ДереккөзSports.kz

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады