Қазақстан ұлттық құрамасы қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды
14 Ақпан 2025

Қазақстан ұлттық құрамасы қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды

IMG_7661.JPG

Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындарының ерлер арасындағы хоккей турнирінің шешуші матчтары өтті.

Финалда Қазақстан ерлер құрамасы Жапония командасын сенімді түрде жеңіп, турнир чемпионы атанды. Кирилл Панюков дубль жасаса, Андрей Буяльский, Дмитрий Бреус пен Роман Старченко өз есептеріне бір шайбадан жазды. Андрей Шутов 13 соққыға тосқауыл болды.

Қазақстан – Жапония 5:0 (1:0, 2:0, 2:0)

1:0 – 17:34 – Буяльский (Данияр)

2:0 – 21:02 – Бреус (Лихотников, Гайтамиров)

3:0 – 37:59 – Старченко (Бекетаев, Өмірбеков) СБШ

4:0 – 42:24 – Панюков (Старченко, Рымарев) СБШ

5:0 – 44:23 – Панюков

Қақпашылар:Шутов – Нарисава

Еске салайық, команда сапында «Барыс» жүйесінің 12 ойыншысы өнер көрсетті: Андрей Шутов, Данил Бутенко, Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев, Вячеслав Колесников, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Руслан Оспанов, Кирилл Савицкий және Роман Старченко. Ұлттық құраманың бапкерлер штабына «Номад» жаттықтырушысы Георгий Верещагин кірді.

Сурет - Нұрғали Жұмағазы

IMG_7660.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың бапкерлер штабы

new-preview
Barys

Талғат Китаров - Барыс БЖСМ директоры

new-preview
Barys

«Барыс» клубының маусым алдындағы дайындық жоспары