РОМАН СТАРЧЕНКО: «ҚОЛДАУ БІЛДІРІП КЕЛГЕН ЖАНКҮЙЕРЛЕРГЕ РАХМЕТ»
12 Наурыз 2017

РОМАН СТАРЧЕНКО: «ҚОЛДАУ БІЛДІРІП КЕЛГЕН ЖАНКҮЙЕРЛЕРГЕ РАХМЕТ»

Плей-офф сериясының екінші кезеңінде «Металлург» қақапасына алғашқы шайбаны соққан «Барыс» шабуылшысы Роман Старченко, Астанада өтетін ойыға әзірлігі туралы Шайба.kz  сайтына әңгімеліп берді.

— Қолдан сусып кеткен мүмкіндік туралы не дейсіз? 
— Овертаймда қателестік – қайта шабуылда өткізіп алдық. Алыстағы ойыншы көрмей қалып, пас өтіп кетіп, гол соғылды.  

— Өткен ойында неге шайба дарыта алмадық? 
— Қақпашыға кедергі келтіру аз болды. Бағытталған соққы да аз болды. Олардың қақпашысы мықты. Барлығын көріп тұрады. Шайба соғу қиын.

— Жанкүйерлер қолдауы демеу болды ма?
— Ия, әрине. Қолдау білдіріп келгеніне рахмет.

— Брэндон Боченски жайында ақпарат бар ма?
— Әзірге ештеңе айтпаймын. 

— Ол келсе ойын жақсарады ма?
— Әрине. Ол команда көшбасышысы, біздің  капитан.  Біз үшін оның командаға оралуы зор демеу болар еді.

— Плей-офф кезеңінде команда ойыншыларынан ешкім сақал өсірмеді ғой? 
— Кейбіреуінде сақал өспейді, кейбіреуі онысын алып тастайды. Сақалдың  бар-жоғынан ойын жақсарып кетпейді. Ешқандай да айырмашылық жоқ.

— Бірсыпыра мамандар «Барыстың» бағы жанбайды деді. Айтылғандарға мән бересіз бе? 
— Оған мән берудің қажеті жоқ. 

— Өз айдыныңыздағы ойынға дайындық қалай? «Магниткаға» қалай қарсы тұрасыз? 
— Үйге жетіп алайық, содан кейін видеоларды көріп, ойынды талдаймыз. Бапкер қажет жерін түзетеді және одан әрі қалай ойнау керектігін айтады. Жанкүйерлерімізден қолдау болғаннан кейін басқаша ойын болады. 

— Бүгін де қолдау жақсы болды ғой.
— Бізге 10 мың адам қодау білдіреді. Біз жеңіс үшін барымызды саламыз.

Дереккөз: shaiba.kz

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
45 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 1 күн

new-preview
Barys

Ресми хабарлама

new-preview
Barys

Сәкен Мұсайбеков - Барыс бас директоры