Биыл Қазақстан құрамасының Астанадағы оқу-жаттығу жиынына келген үміткерлер көп. Хоккейшілер мұз айдынында екі құрамда жаттығып жатыр. Негізгі құрамдағы «Барыс» ойыншылары өзгелерден қарағанда басымдыққа ие. Солардың қатарында Ұлттық құраманың шабуылшысы Роман Старченко да бар. Sports.kz интернет-порталына ол жаттығу жиынындағы дайындық туралы айтып берді.
- Роман, әлем чемпионатына дайындық қалай?
- Әзірге жүз пайыз дайынмын деп айта алмаймын.
- Жаттығу жиыны аяқталғанға дейін жүз пайыз болады ғой?
- 89 болады!
- Айтуларынша жаттығу өте ауыр?
- Ия, расымен де қазіргі жаттығу тәртібі маусым бойғы дайындықтан қарағанда қатаң.
- Осы тәртіптегі жаттығу ұзаққа жалғаса ма?
- Бір айдан аз уақыт қалды. Одан кейін жолдастық кездесулер өткіземіз.
- Достастық кездесудегі қарсыластар туралы не айтасың?
- Жақсы қарсыластар. Венгрия – біз сияқты ТОП-дивизионға шығып отыр. Ресей құрамасы туралы ештеңе айтудың қажеті жоқ. Франция көп жылдан бері элиталық дивизионда ойнап келеді. Олар бізді жақсы біледі. Өйткені олимпиадалық іріктеу ойындағы қарсыласымыз.
- Ұлттық құрамада бәсекелестік артып отыр. Бірінші топта орын жоқ шығар?
- Командаға келген жастар бәсекелестік қарқынын үдетуде. Сондықтан бірінші, екінші немесе үшінші түйін құрамында кімдердің болатындығын әзірге білмейміз. Қазір барлық 8 топ жаттығып жатыр және барлығының да құрамаға ілінетін мүмкіндігі бар.
- Осындай құраммен әлем чемпионатында мүмкіндік бола ма?
- Бұрынғыдан қарағанда мүмкіндігіміз жоғары деп ойлаймын.
- Виталий Колесникті құрама сапынан көріп отырмыз. Осы орайда қақпашыға тағылатын мін бар ма?
- Паша қақпаға жақсы тұрып береді деп ойлаймын. Сондықтан Виталий Колесниктің келгені бізге әрине пайдалы.
- Демалыс кезінде жаттығу жинына дайындық жүргіздің бе?
- Ия, демалыс бойы күн ара өз бетіммен жаттығып жүрдім.
Дереккөз: Sports.kz
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.