«Амур» қақпасына жеңіс голын соққан «Барыс» шабуылшысы Роман Старченко өткен ойынға пікірін білдірді:
- Ойын бізге оңайға түскен жоқ. Бірінші кезеңде қарсыластан қарағанда белсендірік болдық. Гол соғатын бірнеше мүмкіндік болғанымен, қақпадан саңылау таба алмадық. Екінші кезеңде арагідік «Амурға» ойын тізгінін беріп қойдық. Соның салдарынан шайба өткізіп алдық. Алайда қарсыласқа берілмей, оның осал тұсын іздедік. Және оны таптық та.
- Сырт айдындағы осымен жетінші ойын. Қандай сезімдесің?
- Ұшу жақсы (күледі). Әрине, барлығы араласып кетті. Ұшақ, әуежай, автобус, қала, қонақ үй, арена. Алайда біздің жұмыс осы ғой. Құрылған кесте бойынша ойнаймыз.
- Бірнеше ойыннан кейінгі шаршаңқылық, шабуылдау нәтижесіне өз әсерін тигізе ме?
- Жағдайды сылтауратып, одан проблема іздеудің керегі жоқ. Барлығы өз қолымызда. Жігерімізді жинап, бар қиындықты еңсеру керекпіз. Команда мен бапкерлер құрамы ол қиындықты бірге бағындыратындығына сенімдімін.
- Алда «Адмирал» клубымен кездесу тұр. Одан кейінгі ойындар өз айдынымызда өтеді. Қандай ой бар?
- Өз жерімізде жіберген есені Владивостокта қайтару керекпіз. Әрине, Астанаға оралғанда бақытты сезімге бөленеріміз анық. Өз аренамызда өткізетін ойындарды, жанкүйерлерімізді сағындық. Үйде болатын матчқа қуаныштымын. Оның үстіне жаңа жыл қарсаңындағы және қаңтардағы ойындар «Барыс» аренада өтеді. Барлығын трибунадан көргіміз келеді. Жанкүйерлдердің қолдауы біз үшін өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.