Құрметті жанкүйерлер!
«Барыс Арена» мұз айдынының «А» блогында волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының финалдық кезеңі өтетіні алдын ала жоспарланған болатын.
Осыған байланысты, аталған мұз айдынында Pro Ligasy финалының тек екі матчын ғана өткізу мүмкін болды.
Өкінішке қарай, «Номад» пен «Сарыарқа» арасындағы бесінші матчқа арналған «Барыс Аренаның» «В» блогындағы трибуналардың сыйымдылығы шектеулі. Осы жағдайды ескере отырып, «Барыс» хоккей клубы барлық орындар толған жағдайда аренаға кіру тоқтатылатыны туралы жанкүйерлерге алдын ала хабарлаған еді.
Командамызға қолдау көрсетіп, қызығушылық танытқан барлық жанкүйерлерге алғыс айтамыз. Алайда, мұз айдынының техникалық мүмкіндігі көрермендердің мұндай үлкен ағынын қабылдауға қауқарсыз.
Орын алған жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.