Райли Барбер Барыс сапын толықтырды
03 Тамыз 2023

Райли Барбер Барыс сапын толықтырды

«Барыс» хоккей клубы Райли Барбермен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдейді. Шабуылшымен жасалған біржақты келісімшарт бір маусымға 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.

2012 жылы «Вашингтон» драфт жасаған Барбер бүкіл мансабы бойы Солтүстік Америкада өнер көрсетті. Райли АҚШ жасөспірімдер және жастар құрамасы сапында болған. 2022 жылы спортшы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында дебют жасады. Жалпы, ол ҰХЛ-да 16 матч, АХЛ-да 430-дан астам ойын өткізген.

Өткен маусымда Барбер «Далластың» фарм-клубы «Техаста» ойнады. АХЛ тұрақты чемпионатында 69 матч өткізіп, 62 (32+32) ұпай олжалап, командадағы үздік нәтижені тіркеді. Плей-оффтың сегіз ойынында Райли 5 (2+3) ұпайды өз есебіне жазды.


Райли Барбер

Туған күні: 07.02.1994

Бойы: 183 см.

Салмағы: 90 келі.

Ойын таяғын ұстауы: оңқай


Сурет – ҰХЛ

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Барыс Диханбекпен екіжақты келісімшарт жасасты

new-preview
Nomad

Номад - Ертіс екінші ойыны алдында

new-preview
12 фото
Nomad

Номад - Ертiс