Рахманов мансабын «Барыста» жалғастырады
01 Шілде 2023

Рахманов мансабын «Барыста» жалғастырады

«Барыс» хоккей клубы Михаил Рахмановпен келісімшарт жасалғанын ресми мәлімдейді. Екіжақты келісімшарт бір маусымға 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.

Өткен маусымда Рахманов ұзақ уақыттан кейін «Барысқа» қайта оралды. ҚХЛ 2022/23 жылдар маусымында Михаил 33 кездесу өткізіп, 9 (2+7) ұпай олжалады. Сонымен қатар, ол Қазақстан чемпионаты плей-оффында 11 матчқа қатысып, 11 (4+7) ұпай еншіледі және «Номадқа» Қазақстан чемпионаты алтын медалін иеленуге көмектесті.

Вячеслав Белан, «Барыс» бас менеджері:

- Рахманов Қазақстан чемпионатында мансабын жандандырды және жоғары деңгейде қайта өнер көрсетуге әзір. Ол ойындя жақсы түсінеді және өз үштігіне креативті шабуыл жасауға көмектеседі. Михаил жасына қарамастан, қазақстандық үздік шабуылшылардың бірі болып қала беріп отыр.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan