Рахманов, Макеев және Тарасов «Номадта» мансабын жалғастырады
05 Тамыз 2020

Рахманов, Макеев және Тарасов «Номадта» мансабын жалғастырады

Қорғаушы Михаил Тарасов, сондай-ақ шабуылшылар Дмитрий Макеев пен Михаил Рахманов «Номадпен» 1 жыл мерзімге біржақты келісімге қол қойды.

Тарасов «Снежные Барсы» командасынан «Номадқа» ауысты, онда ол соңғы екі жылды өткізді. Өткен маусымда Михаил МХЛ-да 50 матч өткізіп, 10 (2+8) ұпай жинады.

Макеев 2014 жылдан бері «Барыс» жүйесінің командаларында өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымды ол «Номадта» бастап, ВХЛ-да 13 матч өткізді. Содан кейін Дмитрий павлодарлық «Ертіске» аттанды. Қазақстан чемпионатында форвард 24 кездесу өткізіп, өз активіне нәтижелілігі үшін 5 (2+3) балл қосты.

Рахмановты «Барыстың» жанкүйерлері де жақсы таниды. Бұрын бес маусым бойы ол клуб жүйесіндегі командаларда ойнаған. Әрі қарай шабуылшы түрлі қазақстандық клубтарда өнер көрсетті. «Номадқа» ауысқанға дейін Михаил көкшетаулық «Арлан» сапында ойнады. 60 матчта ол 47 (20+27) ұпай жинады.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
39 фото
Barys

UTLC Ice Cup | 5-күн

new-preview
46 фото
Barys

UTLC мұз кубогы | 4-күн

new-preview
Barys
Tomiris

ҚӘЧ ІВ. Қазақстан құрамасы топтағы орнын сақтап қалды