Барыстың маусымалды дайындық жоспары
02 Шілде 2026

Барыстың маусымалды дайындық жоспары

«Барыс» командасының маусымалды дайындық жоспарын назарларыңызға ұсынамыз.

Оқу-жаттығу жиындарының негізгі кезеңі Астанада өтеді. Медициналық тексеруден кейін 15 шілдеден бастап екіжақты келісімшартқа отырған хоккейшілер жаттығуға кіріседі. Ал 1 тамыздан бастап оларға біржақты келісімшартқа қол қойған ойыншылар қосылады.

17-20 тамыз аралығында астаналық клуб Уфа қаласында өтетін «Башқұртстан Республикасы кубогы» маусымалды турниріне қатысады.

Одан кейін Михаил Кравецтің шәкірттері Санкт-Петербургте өтетін Николай Пучков атындағы турнирде бақ сынайды.

Команданың 2026/27 жылғы ҚХЛ маусымына дайындықтың қорытынды кезеңі 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында «Барыс Аренада» өтеді.

Чемпионаттағы алғашқы матч 7 қыркүйекке жоспарланған. Бұл күні астаналық команда өз мұз айдынында «Сібірді» қабылдайды.

IMG_3174.JPG
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
12 фото
Tomiris

Айсулу - Томирис