«Барыс» командасының маусымалды дайындық жоспарын назарларыңызға ұсынамыз.
Оқу-жаттығу жиындарының негізгі кезеңі Астанада өтеді. Медициналық тексеруден кейін 15 шілдеден бастап екіжақты келісімшартқа отырған хоккейшілер жаттығуға кіріседі. Ал 1 тамыздан бастап оларға біржақты келісімшартқа қол қойған ойыншылар қосылады.
17-20 тамыз аралығында астаналық клуб Уфа қаласында өтетін «Башқұртстан Республикасы кубогы» маусымалды турниріне қатысады.
Одан кейін Михаил Кравецтің шәкірттері Санкт-Петербургте өтетін Николай Пучков атындағы турнирде бақ сынайды.
Команданың 2026/27 жылғы ҚХЛ маусымына дайындықтың қорытынды кезеңі 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында «Барыс Аренада» өтеді.
Чемпионаттағы алғашқы матч 7 қыркүйекке жоспарланған. Бұл күні астаналық команда өз мұз айдынында «Сібірді» қабылдайды.Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.