Бейбарыс - Номад сериясы алдында
20 Қазан 2026

Бейбарыс - Номад сериясы алдында

«Номад» сырт алаңдағы ойындар сериясын Атырауда жалғастырады. Мұнда команда «Бейбарысқа» қарсы екі кездесу өткізеді.

Атыраулық ұжым өз алаңында «Құлагермен» екі матч өткізіп, қарсыластар жеңістермен алмасты. Алғашқы кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Муса Гусейнов пен Егор Дорофеев шайба авторлары атанды. Екінші матчта «Құлагер» 5:0 есебімен басым түсіп, қарсыласына бірде-бір шайба соғуға мүмкіндік бермеді.

«Номадқа» қарсы алдағы ойындар алдында «Бейбарыс» турнир кестесінде сегізінші орында тұр. Команданың еншісінде 20 матчтан кейін 10 ұпай бар.

Ал «Номад» Ақтөбеде жергілікті командаға қарсы екі сырт алаңдағы кездесу өткізіп, екі матчта да жеңіске жетті. Алғашқы ойында елордалық ұжым 5:3 есебімен басым түсті. Артур Гросс, Сүлейменов пен Мигунов бір-бір шайбадан соқса, Цыбин дубль авторы атанды.

Екінші кездесуде «көшпенділер» 5:4 есебімен жеңіске жетті. Умеренков, Бейсембаев пен Мәнгісбаев бір-бір шайбадан соқты, ал Кенесбай дубль жасады.

Қазіргі таңда «Номад» 20 матчта 38 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.

Кездесу сағат 19:00-де басталады.

Тікелей трансляцияны Ligasy TV платформасынан көруге болады.

IMG_7664.png

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Номадтың Азиаго қаласында өтетін Құрлықтық хоккей кубогындағы ойындар кестесі

new-preview
Barys
Nomad

Мигунов пен Никитиннің шайбалары Қазақстан құрамасына Жапонияны жеңуге көмектесті

new-preview
Nomad

Номад Торпедо қақпасына шайба соға алмады