«Номад» қазан айындағы сырт алаңдағы ойындар сериясын Көкшетауда жалғастырады. Бұл жолы елордалық команда «Арланға» қарсы ойнайды.
Көкшетаулықтар сырт алаңдағы сериясын Петропавлда аяқтап, «Құлагерді» екі рет те 4:3 есебімен жеңді. Алғашқы кездесуде Степан Санников хет-трик жасап, Захар Захаров та шайба соқты. Екінші ойында Санников пен Захаровтан бөлек, Вячеслав Коротин мен Алексей Пузанов мергендік танытты.
Қазіргі таңда «Арлан» 16 матчтан кейін 25 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында тұр.
Ал «Номад» сырт алаңдағы сериясын Өскеменде бастап, «Торпедоны» екі рет жеңді. Алғашқы кездесуде «көшпенділер» негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталғаннан кейін овертаймда жеңіске жетті. Александр Мигунов негізгі уақытта дубль авторы атанса, қосымша кезеңде Батырлан Мұратов шешуші шайбаны соқты. Екінші матчта астаналықтар дәл осындай 3:2 есебімен жеңіске жетті, алайда бұл жолы буллиттер сериясында басым түсті. Негізгі уақытта «Номад» сапынан Олег Бойко мен Абзал Әлібек көзге түссе, шешуші буллитті Батырлан Мұратов орындады.
Қатарынан 13 жеңіске жеткен «Номад» 16 матчтан кейін 31 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап тұр.
Матч 17:00-де басталады.
Тікелей трансляцияны Ligasy TV YouTube-арнасынан көруге болады.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.