Снежные Барсы - Спутник матчы алдында
11 Қараша 2025

Снежные Барсы - Спутник матчы алдында

Астаналық ұжым қараша айындағы ұзаққа созылатын өз алаңындағы сериясын «Спутникке» қарсы ойындардан бастайды.

Қонақтар бұл сапарын өз мұзайдындарында «Красноярск» командасымен өткен кездесулерден кейін бастамақ. Екі команда өзара ұпай бөлісті. Алғашқы ойында есеп 2:1 болған сәтте алаң иелері жеңіске жетті. Нәтижелі шабуылдар авторлары Амир Гатауллин мен Ислам Давлетшин. Екінші кездесуде Валентин Копыловтың ойыншылары буллит сериясында 2:3 есебімен ұтылды. Бұл матчта Даниил Лазарев пен Вилен Тазиев гол соқты.

Астанаға дейін «Спутник» турнирлік кестеде 19 ойында 18 ұпай жинап, алтыншы орында тұр. Соңғы бес кездесуде ең нәтижелі ойыншы Артур Гимадиев, оның көрсеткіші 4 (1+3).

«Снежные Барсы» қазан айын Примор  өлкесінен келген «Тайфунға» қарсы өз алаңындағы ойынмен аяқтады. Есеп 3:4 болған сәтте Антон Васиннің ойыншылары қарсыластарға жол берді. Нәтижелі шайбаларды Асанали Русланұлы, Айтуар Нұржанов және Карим Қажыбеков соқты. Бұған дейін «барыстар» Челябинскіде «Белые Медведи» командасымен кездесіп, 2:4 есебімен ұтылды. Астаналықтар тарапынан Амир Алпқарин мен Карим Қажыбеков көзге түсті.

Қазіргі таңда астаналық ойыншылар Күміс дивизион турнирлік кестесінің соңында тұр, олардың еншісінде 20 ойында 6 ұпай бар. Соңғы бес кездесуде ең нәтижелі ойыншы Карим Қажыбеков, оның көрсеткіші 5 (2+3).

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Райли Уолш

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2