Астаналық команда қараша айындағы өз алаңындағы ұзақ ойын сериясын Шығыстың «Алтын» дивизионы көшбасшыларының бірі – «Омские Ястребы» командасына қарсы матчпен жалғастырады.
Қонақтар өздерінің сапардағы сериясын тюмендік командаға қарсы өз алаңындағы минималды жеңістен кейін бастайды. Кездесуде жалғыз шайбаның авторы Даниил Моружов болды. Бұған дейін Виталий Черночубтың ойыншылары өз мұз айдындарында Пермьдік «Молот» клубын 3:1 есебімен тізе бүктірген. Сол ойында Ярослав Ткачёв, Владимир Корзин және Даниил Моружов нәтижелі ойын көрсетті.
Астанадағы матч алдындағы турнирлік кестеде «Омские Ястребы» 22 ойында 34 ұпай жинап, екінші орында келеді. Соңғы бес кездесуде ең нәтижелі ойыншы Владимир Корзин, оның еншісінде 8 (4+4) ұпай бар.
Өз кезегінде «Снежные Барсы» қарашадағы өз алаңындағы ойын сериясын Альметьевскінің «Спутнигіне» қарсы екі матчтан кейін жалғастырады. Алғашқы кездесуде астаналықтар 0:5 есебімен жеңілді. Екінші ойында алаң иелері белсендірек әрекет етіп, матчты овертаймға жеткізді, алайда қосымша уақыттың небәрі 20-шы секундында қарсылас шешуші шайбаны соқты. Бұл ойында Аристарх Киреев, Роман Двуреченский және Александр Перкин көзге түсті.
Қазіргі таңда астаналық команда «Күміс» дивизионының турнирлік кестесін 21 ойыннан кейінгі 7 ұпаймен қорытындылап тұр. Соңғы бес матчтағы ең нәтижелі ойыншы Карим Қажыбеков, оның қоржынында 5 (2+3) ұпай бар.
Кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Тікелей трансляция KHL TV және InHockey платформаларында қолжетімді болады.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.