Астаналық команда қараша айындағы ұзаққа созылған өз алаңындағы ойын сериясын Шығыстың Алтын дивизионындағы өкілі – «Кузнецкие Медведи» командасына қарсы матчпен жалғастырады.
Қонақтар өздерінің сырт алаңдағы сериясын пермдік командаға қарсы 4:3 есебімен аяқталған жеңістен кейін жалғастырып келеді. Трофим Наумов хет-трик жасап, Егор Логвин жеңіс шайбасын соқты. Бұған дейін Фёдор Полищук ойыншылары өз мұзайдандарында «Тюменский Легион» командасын овертаймда 3:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Ол матчта нәтижелі шабуылдардың авторлары Николай Измайлов, Денис Воронин және Артём Хайдаров болды.
Астанаға келген кездесу алдында «Кузнецкие Медведи» турнирлік кестеде 23 матч нәтижесінде 9 ұпай жинап, жетінші орында тұр. Соңғы бес ойынның ең нәтижелі хоккейшісі Илья Шамов, оның еншісінде 3 (0+3) ұпай.
«Снежные Барсы» қарашадағы өз алаңындағы сериясын «Омские Ястребы» командасымен өткен кездесуден кейін жалғастырады. Астаналықтар бұл ойында 3:5 есебімен жеңіліс тапты. Тимур Миндубаев, Никита Ситников және Аристарх Киреев бір-бір шайбадан соқты. Бұған дейін Антон Васин ойыншылары Альметьевскінің «Спутник» командасымен екі матч өткізді. Алғашқы ойында астаналықтар қақпаға гол соға алмай, 0:5 есебімен ұтылды. Екінші ойында белсендірек ойнағанымен, овертаймда 3:4 есебімен қарсыласқа жол берді. Гол авторлары Аристарх Киреев, Роман Двуреченский және Александр Перкин.
Қазіргі уақытта астаналық команда 23 ойын қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, Күміс дивизионының кестесін түйіндеп тұр. Соңғы бес матчтағы команданың көшбасшысы Кәрім Қажыбеков, оның нәтижесі 4 (2+2).
Матч басталуы Астана уақытымен 18:30.
Тікелей трансляция КХЛ ТВ арнасында және InHockey платформасында қолжетімді.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.