Бұл маусымаралық кезеңде Нева жағалауынан келген «армейліктердің» құрамы айтарлықтай өзгерді. СКА сапына Санкт-Петербург жанкүйерлеріне жақсы таныс шабуылшылар Захар Бардаков пен Василий Глотов, өткен маусымда «Северсталь» мен «Торпедоның» көшбасшылары болған Данил Аймурзин мен Василий Атанасов, сондай-ақ қазақстандық хоккей жанкүйерлеріне таныс қорғаушылар Алексей Маклюков пен Владислав Сёмин қосылды.
Пучков атындағы өз алаңындағы турнир басталғанға дейін Игорь Ларионов ойыншылары «Автомобилистпен» екі жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 және 5:4 есебімен жеңіске жетті. СКА-ның тағы бір жаңа ойыншысы – швед шабуылшысы Линус Вайссбак осы кездесулерде командасының үш голына тікелей атсалысты.
«Барыс» бұған дейін Уфада өткен Башқұртстан Республикасының кубогына қатысты. Астаналық команда «Ладаны» 2:1 есебімен жеңсе, «Салават Юлаевқа» (1:4) және «Амурға» (1:5) есе жіберді. Турнир ұйымдастырушылары Чейз Прискиді жарыстың үздік қорғаушысы деп таныды.
Командамен бірге Санкт-Петербургке шабуылшы Джастин Бэйли де аттанды. Оның бүгінгі кездесуде «Барыс» сапындағы алғашқы ойынын өткізуі әбден мүмкін. Сондай-ақ Уфадағы турнирге медициналық себептерге байланысты қатыса алмаған Әлихан Әсетов та Санкт-Петербургке барған ойыншылар қатарында.
СКА – «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Турнирдегі барлық ойындарды Кинопоиск платформасынан тікелей эфирде көруге болады.
«Барыс» ХК-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» ХК-ның серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының корпоративтік қоры.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.