«Снежные Барсы» қазан айындағы сырт алаңдағы сериясын «Мамонты Югры» командасына қарсы кездесулермен бастайды.
«Мамонттар» өздерінің сырт алаңдағы сериясын «Ладья» командасына қарсы ойынмен аяқтады. Қарсыластар негізгі уақытта да, овертаймда да жеңімпазды анықтай алмады, матчтың тағдыры буллит сериясында шешілді – алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қонақтар сапынан Семён Кочурин дубль авторы атанды. Бұған дейін Дмитрий Бурлуцкийдің ойыншылары өз алаңында «Авто» командасына қарсы екі рет ойнап, екі кездесуде де жеңіске 5:2 және 2:1 есебімен жеткен. Алғашқы ойында нәтижелі шабуылдардың авторлары Анатолий Сошников, Филипп Потапов, Вячеслав Шевцов, Артём Попов және Глеб Цыплаков болды. Екінші матчта Артём Попов пен Тимофей Малыхин көзге түсті.
Астаналықтармен кездесу алдында «Мамонты Югры» турнир кестесінің Золотой дивизионында 13 ойыннан кейін 18 ұпаймен 4 орында келеді.
Астаналықтармен кездесу алдында «Мамонты Югры» турнир кестесінің Золотой дивизионында 13 ойыннан кейін 18 ұпаймен 4 орында келеді.
«Снежные Барсы» өз кезегінде үй сериясын «Тюменский Легион» командасымен өткен ойындармен аяқтады. Командалар жеңістермен алмасты. Бірінші ойында Антон Васиннің ойыншылары 4:1 есебімен жеңіске жетті. Айтуар Нұржанов есеп ашты, Роман Двуреченский дубль жасады, ал Тамерлан Тлеубаев ЖХЛ-дағы алғашқы шайбасын соқты.
Екінші ойында астаналықтар жеңісті қайталау мүмкіндігін жіберіп алды «Легион» 4:3 есебімен маусымдағы алғашқы жеңісін тіркеді. Біздің команда сапынан Алихан Бақыт, Александр Перкин және Руслан Түсүпбеков шайбалар соқты.
Қазіргі уақытта «Снежные Барсы» 16 ойыннан кейін 6 ұпаймен турнир кестесінде 9 орында тұр.
Бүгінгі кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Трансляция InHockey платформасында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.