Локо-76 пен Снежные Барсы матчы алдында
17 Наурыз 2026

Локо-76 пен Снежные Барсы матчы алдында

Астаналық ұжым тұрақты маусымның соңғы сырт алаң сериясын Ярославль қаласында жалғастырып, бұл жолы «Локо-76» командасымен кездеседі.

«Локо-76» өз алаңындағы сериясын «Реакторға» қарсы матчтардан кейін жалғастырып жатыр. Аталған екі кездесуде де ярославльдік команда 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші ойында Иван Порада, Сергей Черняев, Владимир Фомин және Арсений Кисеев мергендік танытса, екінші кездесуде Иван Лузин, Иван Порада, Илья Берёзкин және Георгий Давыдов нәтижелі ойын көрсетті.

Астаналықтармен ойын алдында «Локо-76» 55 матчта 74 ұпай жинап, Күміс дивизион турнирлік кестесінде көш бастап тұр.

Ал «Снежные Барсы» Магнитогорск пен Уфа қалаларында Золотой дивизион командаларына қарсы ойындар өткізіп, екеуінде де жеңіліс тапты. «Стальные Лисы» командасына қарсы кездесуде 1:7 есебімен ұтылған матчта жалғыз шайбаны Аристарх Киреев соқты. Ал «Толпарға» қарсы ойында 0:3 есебімен жеңіліп, астаналықтар қарсылас қақпасын аша алмады.

Кездесу алдында «Снежные Барсы» 54 ойында 23 ұпаймен Күміс дивизион турнирлік кестесінің соңғы орнында тұр.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
10 фото
Nomad

Бейбарыс - Номад

new-preview
10 фото
Nomad

Номад - Актобе

new-preview
10 фото
Nomad

Алматы - Номад