Астаналық команда Балашихадағы сырт алаңдық сериясын жалғастырып, жаңа қарсылас «Батыс» конференциясының өкілі, Ступинодан келген «Капитан» командасымен кездеседі.
«Капитан» өз алаңындағы ойындар сериясын бастамас бұрын, лиганың жаңа мүшесі Красная Машина Юниор командасына қарсы сырт алаңда бір матч өткізді. Кездесу 6:2 есебімен аяқталып, қонақтар жеңіске жетті. Нәтижелі шабуылдардың авторлары – Игорь Козлов пен Фёдор Аврамов, ал Виктор Сулима мен Павел Роков дубль жасады.
Бұған дейін Денис Куляш жаттықтыратын команда өз айдынында бобруйлік «Динамоны» қабылдап, қарсыластың қақпасын дәл таба алмай, 0:4 есебімен ұтылды.
Астаналықтармен өтетін матч қарсаңында «Капитан» «Батыс» конференциясының Күміс дивизионында 13 ойыннан кейін 7 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-орында тұр.
Өз кезегінде «Снежные Барсы» сырт алаңдағы сериясын Ханты-Мансийскіде бастап, «Мамонты Югры» командасына 1:3 есебімен жол берді. Біздің команданың жалғыз шайбасын Руслан Тусупбеков соқты.
Сапар алдында Антон Васиннің ойыншылары өз алаңындағы сериясын «Тюменский Легионға» қарсы аяқтаған болатын. Қос кездесудің алғашқы ойынында 4:1 есебімен жеңіске жеткен «Барыстардың» қатарынан Айтуар Нұржанов пен Тамерлан Тлеубаев мергендік танытты, ал Роман Двуреченский дубль авторы атанды. Екінші ойында астаналықтар 3:4 есебімен есе жіберді. Бұл матчта Алихан Бақыт, Александр Перкин және Руслан Тусупбеков көзге түсті.
Қазіргі таңда астаналықтар «Батыс» конференциясының Күміс дивизионында 17 ойыннан кейін 6 ұпаймен турнир кестесінде соңғы алдындағы орында келеді.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.