Динамо Минск - Барыс матчы алдында
28 Қазан 2026

Динамо Минск - Барыс матчы алдында

«Барыс» батыс бағытындағы сырт алаңдағы ойындар сериясының екінші кездесуін Минскінің «Динамосына» қарсы өткізеді.

Беларусь астанасының командасы өткен сенбіде сырт алаңда овертаймда «Торпедоны» 2:1 есебімен жеңді. Шайбалардың авторлары Сергей Кузнецов пен Сэм Энэс атанды. Зак Фукале қақпаға бағытталған 25 соққыны қайтарды. Сергей Брылин матчтың басым бөлігінде команда қажетті қарқынды сақтап, шайбамен дұрыс ойнағанын, алайда ойын соңындағы айыптар кездесудің нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін болғанын атап өтті.

«Динамо» тұрақты чемпионаттағы өнерін 19 матчтан кейінгі 20 ұпаймен жалғастырып келеді. Кристофер Тирни (3+16) осы чемпионаттағы үздік сұрмергендер мен нәтижелі пас авторларының бірі. Жарақат алған ойыншылар тізімінде Василий Демченко, Сергей Калинин және Николас Мелош бар.

«Барыс» дүйсенбі күні Екатеринбургте «Автомобилисттен» 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Джейк Масси мергендік есебін толықтырды. Хантер Шепард 31 соққыны қайтарды. Михаил Кравец команда ойынның бастапқы бөлігін сәтсіз өткізіп, бұл матчтың одан арғы барысына әсер еткенін айтты.

Қазақстандық команданың еншісінде 19 ойыннан кейін 21 ұпай бар. Джастин Бэйли (12+9) тұрақты чемпионаттың үздік сұрмергендері мен бомбардирлері тізімінде көш бастап келеді.


«Динамо» Минск - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 21:10-да басталады.

Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.


«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.

Match day Away (6).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Бейбарыс - Номад матчы кейінге шегерілді

new-preview
12 фото
Nomad

Бейбарыс - Номад

new-preview
Nomad

Номад Ақтөбені тартысты ойында жеңді