Барыс - Металлург матчы алдында
15 Қараша 2026

Барыс - Металлург матчы алдында

«Барыс» қысқа мерзімді үй сериясындағы екінші матчта тұрақты чемпионаттың көшбасшыларының бірі - магнитогорскілік «Металлургпен» кездеседі.

Бейсенбі күні магнитогорскілік команда өз алаңында «Авангардқа» қарсы матч барысында екі шайба айырмасымен алда болғанымен, қорытындысында овертаймда жеңіліп қалды (3:4). Алаң иелері сапында Никита Коротков, Сергей Толчинский және Валерий Орехов мергендік танытты. Александр Смолин 27 сейв жасады. Жақында «Металлургтің» бас бапкері болып бекітілген Константин Шафранов кездесудің соңғы бөлігінде ойыншылары нәтижеге әсер еткен үш қателік жібергенін айтып, сонымен қатар көп айып уақытына ие болғандарын атап өтті.

«Металлургтің» еншісінде 26 матчтан кейін 39 ұпай бар. Команданың үздік сұрмергені әрі бомбардирі - Нэйтан Тодд (11+12). Ал жоғарыда аталған Орехов чемпионаттың ең нәтижелі қорғаушыларының қатарында (5+15).

Астаналықтар қараша айындағы алғашқы үй матчында бас бапкері Михаил Кравецке туған күніне орай тамаша сый жасады. Команда осы маусымда алғаш рет «Адмиралды» жеңді (4:2). Всеволод Логвин дубль авторы атанса, Мэйсон Морелли мен Аркадий Шестаков бір-бір шайбадан соқты. Морелли команда сапында осы маусымда 20 (6+14) ұпай межесіне жеткен екінші ойыншы атанды. Ал Шестаков «Барысқа» оралғаннан кейінгі алғашқы шайбасын соқты. Андрей Шутов 20 сейв жасады. Логан Дэй ҚХЛ-дегі 50 (7+43) ұпайлық межеге жетті. Михаил Кравец бұл жеңіс командаға қосымша жігер беріп қана қоймай, алдыңғы сырт алаң сериясынан кейін жиналған шаршауды басуға көмектесетінін айтты.

Қазақстандық ұжым тұрақты чемпионаттағы өнерін 25 матчтан кейінгі 27 ұпаймен жалғастырып келеді. Джастин Бэйли (13+11) маусымның үздік мергені әрі бомбардирі мәртебесін сақтап отыр. Чейз Приски Лиганың ең нәтижелі бес қорғаушысының қатарына кіреді. Жақында «Барыс» «Трактордан» ақшалай өтемақыға қақпашы Дмитрий Николаевты алмастырды. Жаңа ойыншы клуб орналасқан жерге келіп, алғашқы жаттығуын өткізді.

Осы маусымда «Барыс» пен «Металлург» өзара бір кездесу өткізді. Қыркүйек айында Магнитогорскіде өткен матчта алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.


«Барыс» - «Металлург» матчы Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Барлық билет сатылып кетті

Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.


Бас серіктес - «Барыс» ХК-ның «Самұрық-Қазына» АҚ ҰӘҚ

Серіктес - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Match day HOME.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Жұлдызды ойсырата жеңді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасына Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектесті