Барыс - Автомобилист матчы алдында
14 Қазан 2026

Барыс - Автомобилист матчы алдында

Қазан айында өз алаңындағы соңғы кездесуінде «Барыс» Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдайды.

Екатеринбургтік ұжым соңғы матчын 6 қазанда өткізіп, өз алаңында «Авангардты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Гол авторлары Кейл Клэг, команданың үздік сұрмергені Александр Шаров (3+10), Александр Кадейкин және қарсылас қақпашысы қақпасын босатқан сәтте шайба соққан Джесси Блэкер болды. Владимир Галкин 22 соққыға тосқауыл қойды. Алексей Кудашов командасының барлық ойын шебінде жақсы өнер көрсетіп, ойын мазмұны мен нәтижесі көңілінен шыққанын атап өтті.

«Автомобилист» 13 матчтан кейін 14 ұпай жинап, Шығыс конференциясында жетінші орында келеді. Команданың жарақат алған ойыншылары қатарында Владимир Галкин мен Никита Шашков бар.

Дүйсенбі күні Астанада өткен матчта «Барыс» «Сібірге» 2:3 есебімен жол беріп, қатарынан үш жеңіске жеткен сериясын үзді. Кирилл Савицкий маусымдағы алғашқы голын соқса, Мэйсон Морелли де мергендік танытты. Логан Дэй чемпионаттағы оныншы нәтижелі пасын беріп, қатарынан алты матч бойы ұпай жинап келеді. Хантер Шепард 27 соққыны қайтарды. Михаил Кравец ойыншылардың назарын жоғалтып алғанын және голға айналмаған мүмкіндіктердің көп болғанын атап өтті.

Қазақстандық команданың еншісінде 14 матчтан кейін 16 ұпай бар. «Барыс» конференцияда бесінші орында тұр. Джастин Бэйли (10+7) чемпионаттың үздік сұрмергендері көшін бастап келеді. Мади Диханбек әлі де жарақатына байланысты командаға көмектесе алмайды. Сондай-ақ сырқаттанып қалған Всеволод Логвиннің «Автомобилистке» қарсы матчқа қатысуы екіталай.


«Барыс» - «Автомобилист» матчы Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.


«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.

 Instagram post - 755.png

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Барыс

Барыс Ақтөбеден тағы да басым түсті

new-preview
12 фото
Барыс

Барыс - Актобе

new-preview
Барыс

Барыс Ақтөбені ойсырата жеңіп, чемпионаттағы 10-жеңісіне қол жеткізді