Барыс – Автомобилист матчы қарсаңында
22 Ақпан 2024

Барыс – Автомобилист матчы қарсаңында


«Барыс» маусымның соңғы өз айдынындағы ойындар сериясын «Автомобилистке» қарсы матчпен бастайды.

Екатеринбургтік ұжым өткен турда Омбыда «Авангардқа» жол берді (2:4). Айдын иелерінің қақпасына соғылған екі шайбаның авторлары – Алексей Макеев пен Андрей Обидин. «Автомобилист» қақпашысы Владимир Галкин 16 соққының 12-сін кері қайтарды.

Николай Заварухин бастаған команда қоржынында маусымның 66 ойынынан кейін 78 ұпай бар. Екатеринбургтік ұжым Шығыс конференциясында плей-офф жолдамасын иеленген командалар қатарында. «Автомоблистің» үздік сұрмергені – Стефан Да Коста (18+34).

«Барыстың» Қиыр Шығысқа жасаған сапары сәтті болмады. Астаналық команда төрт ойында тек екі ұпай олжалай алды. Өткен турда қазақстандық ұжым «Амурдан» жеңіліс тапты (1:2). Сан басымдығын жүзеге асырған Джозеф ЛаБейт команданың ойында соққан жалғыз шайбасының авторы атанды. 46 соққыға тосқауыл болған Андрей Шутов керемет ойын өрнегін көрсетті. «Барыстың» үздік сұрмергені Понтус Оберг (36 ұпай) маусымдағы 20-нәтижелі пасын берді. ҚХЛ-да «Барыс» сапында 780-ойынын өткізген Роман Старченко бір команда құрамындағы матчтар саны бойынша Лига рекордының иегері атанды.

Астаналық команда қоржынында 65 кездесуден кейін 48 ұпай бар. Кирилл Савицкий мен Егор Шалапов жарақат алғандар тізіміне енгізілді. Бұл қатардан Батырлан Мұратов шығарылды.  

«Барыс» пен «Автомобилистің» маусымдық теке-тіресінде әзірге ресейлік ұжым алда (5:2, 2:3 Б, 3:2).

Кездесу «Барыс Арена» мұз айдынында Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Матчқа билетті «Барыс Арена» кассалары мен hcbarys.kz/tickets ресурсымыздан сатып алуға болады.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

gd_social (5).jpg


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
39 фото
Barys

UTLC Ice Cup | 5-күн

new-preview
46 фото
Barys

UTLC мұз кубогы | 4-күн

new-preview
Barys
Tomiris

ҚӘЧ ІВ. Қазақстан құрамасы топтағы орнын сақтап қалды