«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясын Шығыс конференциясы тағы бір көшбасшысы «Автомобилиске» қарсы ойынмен түйіндейді.
Екатеринбургтік команда соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіске жеткен және әзірге конференцияда екінші орында келеді. Өткен турда «Автомобилист» өз айдынында «Нефтехимикті» жеңді (3:2). Екатеринбург қаласы командасы Ник Эберт, Владимир Кузнецов пен Брукс Мэйсектің соққан шайбаларының арқасында табысқа қол жеткізді. Нижнекамскілік команда қарсылас қақпасына бар-жоғы 14 соққы жасағанын, Евгений Аликин оның 12-сін кері қайтарғанын атап өту керек. Николай Заварухин қажет емес сәттерде ереже бұзу ойынға кері әсерін тигізуі мүмкін болғанын, алайда шәкірттерінің дер кезінде үшінші шайбаны соққанын айтты.
Маусымның 21 матчында «Автомобилист» 28 ұпай еншіледі. Команданың үздік сұрмергені Стефан Да Коста (3+16) чемпионат ассистенттерінің үздік үштігіне кіреді. Қорғаушы Никита Ишимников, шабуылшылар Анатолий Голышев пен Данил Романцев жарақат алғандар тізімінде.
«Барыс» сейсенбі күні буллиттер сприясында «Ақ Барсқа» жол берді. 43 соққыға тосқауыл болған Никита Бояркин тағы бір мәрте керемет ойын өрнегін көрсетті. Аңсар Шайхмедденов маусымдағы алғашқы шайбасын соғып, көзге түсті. Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Ғалым Мамбетәлиев кездесуді қорытындылап қоймай, Роман Старченконың қатарға қосылатынын және «Автомобилиспен» ойында қақпа қорғау міндеті Андрей Шутовқа жүктелуі мүмкін екендігін айтты.
Қазақстандық ұжым қоржынында 22 матчтан кейін 14 ұпай бар. Әлихан Өмірбеков (3+4) команда ішіндегі сұрмергендер жарысында көш бастап келеді. Никита Бояркин қақпашылар рейтингінде тағы бір сатыға жоғарылады. Енді ол сенімділік коэффициенті (2,11) бойынша алтыншы, ал кері қайтарылған соққылар пайызы (93,4) бойынша бесінші орында. Команданың жарақат алған ойыншылары тізімінюе Виктор Антипин пен Дамир Жафяров бар.
Биылғы тұрақты маусымжа командалар Екатеринбургте екі рет кездесті. Алғашқысында астаналықтар жеңсе (2:1 ОТ), екінші ойында айдын иелері кеткен еселерін қайтарды (4:3).
«Барыс» - «Автомобилист» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан алуға болады.
Кездесуді Qazsport және KHL телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.