«Барыс» пен «Амур» Астанада қатарынан екінші кездесуін өткізеді.
Өткен жексенбіде хабаровскілік клуб Алекс Броадхёрст, Ян Дрозг пен Владислав Барулиннің көмегімен овертаймда жеңісті жұлып алды (3:2). Игорь Бобков 30 соққыға тосқауыл болды.
«Барыс» сапынан өткен жылдың 15 қазанынан бері алғаш рет Роман Старченко нәтижелі соққысымен көзге түсіп, маусымдағы төртінші шайбасын соқты. Осы тұрақты маусымдағы 13-шайбасын соққан Аркадий Шестаков нәтижелігі бойынша жеке рекордын жаңартуды жалғастырып келеді. Екі голда да нәтижелі пас берген Давид Скленичка 30 ұпайдың межесінен асты (8+23). Команданың үздік сұрмергені Понтус Оберг (16+18) те әріптестеріне гол соғуға жағдай жасап беріп, ұпайсыз сериясын үзді. Эдвард Паскуале қарсыластың 31 соққысын кері қайтарды.
«Амур» қоржынында маусымның 59 ойынынан кейін 58 ұпай бар. Команданың жарақат алғандар тізіміне шабуылшы Евгений Грачёв енгізілді. Астаналық команда 58 ойында 45 ұпай олжалады. Кешке өтетін кездесуге өткен матчта жарақат алған Рудольф Червенидің қатысуы екіталай.
Кездесу «Барыс Арена» мұз айдынында Астана уақытымен 19:30-да басталады.
Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.
Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.