Амур – Барыс матчы қарсаңында
15 Наурыз 2025

Амур – Барыс матчы қарсаңында

GD AWAY NEW.jpg

«Барыс» маусымның соңғы сырт айдындағы матчтар сериясын Хабаровскте жалғастырады.

«Амур» өткен турда сырт айдында «Сібірге» жол беріп, қатарынан төртінші ойында жеңіліс тапты. Хабаровскілік клуб сапынан Вячеслав Грецкий мен Олег Ли шайба соқты. Виктор Кобозев пен Мэтт Джурусик жалпы 30 соққыны кері қайтарған. Виктор Костюченок команда нәтижесіне жас ойыншының ереже юұзып, айып уақытын алуы әсер еткенін айтты.

Маусымның 64 матчында «Амур» 38 ұпай еншілеген. Команданың үздік сұрмергені Александр Гальченюктің қоржынында 37 (20+17) ұпай бар. Шабуылшы Девин Броссо жарақат алған ойыншылар тізімінде.

«Барыс» бейсенбі күні Владивостокта мінез көрсетті. «Адмиралмен» матч барысында Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері екі рет үш шайба айырмашылығымен (0:3 және 1:4) жеңіліп жатқанына қарамастан, буллиттер сериясында жеңісті жұлып алды (5:4). Бұл ойында Әлихан Өмірбеков, Семен Симонов, Михаил Рахманов пен команданың ең нәтижелі ойыншылары Антон Бурдасов (12+5) және Никита Сетдиковпен (9+8) теңескен Әділ Бекетаев (5+12) өз есептеріне бір шайбадан жазды. Артем Шестаков овертаймдағы 10 соққыны қоса алғанда, жалпы 43 соққыға тосқауыл болды. Астаналық команданың бас бапкері екінші кезеңнен кейін шәкірттерін «оятуға» тура келгенін және кезекті рет жастардың команданы алға сүйрегенін айтты.

Қазір қазақстандық команда қоржынында 64 матчтан кейін 35 ұпай бар. «Амурмен» кездесуде жарақатына байланысты үш апта бойы ойындарға қатыса алмаған Кирилл Савицкий құрамға қайта қосылуы мүмкін.

«Амур» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 12:30-да басталады.

Кездесуді KHL телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
39 фото
Barys

UTLC Ice Cup | 5-күн

new-preview
46 фото
Barys

UTLC мұз кубогы | 4-күн

new-preview
Barys
Tomiris

ҚӘЧ ІВ. Қазақстан құрамасы топтағы орнын сақтап қалды