Адмирал – Барыс матчы алдында
13 Наурыз 2026

Адмирал – Барыс матчы алдында

«Барыс» Қиыр Шығыстағы сапарын «Адмиралға» қарсы екінші кездесумен аяқтайды.

Кеше астаналық команда Владивосток клубын 2:1 есебімен жеңді. Қонақтардың жеңісіне Макс Уиллман мен Тайс Томпсонның дәл соққылары, сондай-ақ қақпашы Никита Бояркиннің 31 сейві себеп болды. Джейк Масси «Барыстың» екі нәтижелі шабуылына да қатысқан еді. Алаң иелері сапынан Никита Тертышный мергендік танытты, ал қақпашы Иван Кульбаков 26 сейв жасады.

Олег Браташ матч тағдырын оның ойыншылары жіберіп алған бір ғана қателік шешкенін айтты. Ал Михаил Кравец ойынның өте ауыр өткенін, бірақ командасы жеңіс үшін соңына дейін күрескенін атап өтті.

Владивосток командасының қоржынында 64 ойыннан кейін 46 ұпай бар. Ал «Барыс» маусым аяқталуына үш ойын қалғанда 51 ұпай жинады.

«Адмирал» – «Барыс» матчы Астана уақыты бойынша 14:30-да басталады.

Кездесудің тікелей трансляциясы KHL Prime телеарнасында көрсетіледі. 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

IMG_1258.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
11 фото
Tomiris

Томирис - Грация

new-preview
Tomiris

Томирис Грацияны құрғақ есеппен жеңді