Никита Михайлис «Барыспен» келісімшартты ұзартты
19 Мамыр 2020

Никита Михайлис «Барыспен» келісімшартты ұзартты

Шабуылшы Никита Михайлис «Барыстың» ұсынысын қабылдап, клубпен келісімшартты ұзартты. Ekі жақты келісімге 2022 жылғы 30 сәуірге дейін 2 жылға қол қойылды.   
 
Никита Михайлис «Барыс» үшін 2014 жылдан бастап өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда 24 жасар қазақстандық шабуылшы «Барыс» үшін тұрақты чемпионатта және плей-оффта 65 матч өткізіп, 33 (17+16) ұпай жинады.  
ҚХЛ-да Михайлистің есебінде 236 ойында 97 (45+52) ұпай жиналды.  
 
 
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Руслан Оспанов

new-preview
Barys

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

new-preview
Barys

Даниил Апальков Барыс құрамында қалады